Бабақұмаров қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Бабақұмаров қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды - делінген хабарламада.

Туған жылы: 1969 жыл 2 наурыз

Туған жері: Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы

Білімі: 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша;

1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын  бітірген.

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы көп партиялы жуйенің пайда болуының әлеуметтік-саяси негіздері (1985-1993)».

Қазақстан, Ресей, Украинада басылып шыққан кітаптардың, оның ішінде: «Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар: кадрлі саясаттың этникалық аспекттері» (тең автор, 1993),

«Қазақстан: 1994 жылғы парламенттік сайлауларының партиялық аспекті» (1994),

«Қазақстан Республикасы: XXI ғасыр табалдырығындағы қызыл таң сәрі ме?» (біріккен автор, 1996); 50 астам ғылыми жарияланымдардың, мақалалар мен кітапшалардың авторы.


1995 жылдан - Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімін меңгерушісі, директоры.


1996 жылдың тамыз айынан - Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы.


1996 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.


2004 жылдың сәуір айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.


2004 жылдың қыркүйек айынан - ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.


2006 жылдың ақпан айынан - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.


2007 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.


2008-2019 жылдары - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі. 


2019 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі


2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары

2022 жылы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ басшысы


«Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008);


«Хабар» агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2006-2008);


«Қазақпарат» ҰК» Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008); «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007 жылдан);


«Самғау» Ұлттық холдинг АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2007);


«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінің Директорлар кеңесінің мүшесі. «Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.


Марапаттары: «Құрмет» орденімен (2005), 3 медальдармен марапатталған. Мәдениет қайраткері (2008).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы