Бабақұмаров «Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ержан Бабақұмаров «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың басасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құқық қорғау қызметкерлеріне екі рет қана атақ беру ұсынылды
Өзгелердің жаңалығы