Бабақұмаров БАҚ арасында өткен байқау қорытындысын жария етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ержан Бабақұмаров БАҚ өкілдеріне алғыс айтып, Алматының дамуы туралы байқау жеңімпаздарына марапаттар табыстады.
Алматы әкімдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында мегаполисті дамыту тақырыбындағы үздік ақпараттық өнім байқауының қорытындысын шығарды.
Байқауға қатысу үшін БАҚ-тан барлығы 116 өтінім келіп түсті. Талдау қорытындысы бойынша тәуелсіз сараптама комиссиясы үздік жұмыстардың 22 авторын марапаттады.
Марапаттау рәсімі барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров журналистер жұмысының маңыздылығын атап өтіп, мегаполис әкімшілігінің коронавирустық пандемиямен күресте қабылдаған шараларына ерекше назар аударғаны үшін алғысын білдірді.
Бүгінде БАҚ жұмысы негізгі рөлдердің бірін атқарады. Сіздердің жұмыстарыңыз бен белсенді ұстанымдарыңыз қала тұрғындарына алматылық ынтымақтастықтың құндылықтарын түсіндіруге, жеке өздерін қорғау мен қоғамдық денсаулық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Қала тұрғындарының пандемияны қалай қабылдайтыны, эпидемиялық талаптарды сақтауға қаншалықты байсалды және жауапкершілікпен қарайтыны да сіздермен бірлескен жұмысымызға байланысты. Сіздердің әрқайсыңыз қала өмірінің әлеуметтік маңызды мәселелері туралы ақпаратты БАҚ-та уақытылы жариялай отырып, пандемиямен жалпы күреске қомақты үлес қостыңыздар, - деп атап өтті Бабақұмаров.
Айта кету керек, жыл басынан бері Алматы әкімдігі 330 баспасөз конференцияларын, брифингтер мен басқа да іс-шараларды өткізді. Олардың барысында спикерлер БАҚ-ның 3000 сұрағына жауап берді. Алматы ақпараттық кеңістігінде барлығы 23 мыңнан астам материал жарияланды, эфирде 1500-ге жуық телесюжет шықты. Сонымен қатар 17 мың материал коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларына арналды.
Тәуелсіз байқау комиссиясының мүшелері БАҚ өкілдері жұмысының маңыздылығы мен күрделілігін ерекше атап өтті.
Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында айтулы оқиға орын алуда. Біз ежелгі кәсіп - журналистиканың бұрынғы мақсатын қайта жаңғыртамыз. Тәуелсіздік жағдайында журналистер еліміздің дамуына үлес қосуға тырысуда - бұл игі іс, сонымен бірге қиын жұмыс. Алматы әрқашан өзінің ақыл-ой әлеуетімен танымал болған. Мұнда бүкіл республика бойынша жалғыз және үш журналистика университетінің бірі болды. Журналистік цех ұлғайып келеді, әлеуметтік желілер, блогерлер пайда болуда, бұл да уақыттың белгісі және мұнда тұрған жаман ештеңе жоқ, - деп атап өтті профессор, т.ғ.д., академик, Журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев.
Байқау комиссиясының құрамына қоғамдық және азаматтық қайраткер, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Пономарев; «Тұран» университетінің журналистика кафедрасының доценті, Мәдениет қайраткері атағының иегері, ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Достастық елдері халықаралық сыйлығының лауреаты Сәуле Тастүлеков; журналист, көпшілік алдында сөз сөйлеу және Шешендік шеберлік тренингтерінің авторы, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, блогер Полина Шиманская; «PR-шы» клубының вице-президенті Айбар Олжаев, MediaNetwork Kazakhstan атқарушы директоры, медиа тренер Бақтыгүл Бурбаева және т. б. кірді.
Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
Үздік сюжет»:
• Лаура Биғалиева, «31 арна» – «Алматыда жаңа 300 орындық балалар ауруханасы ашылды»;
• Рамина Мирзалимова, «Алматы» телеарнасы - «Осторожно, коронавирус! Журналисты попали в «грязную» зону инфекционной больницы Алматы».
«Үздік жаңалықтар материалы»:
• Әмірболат Құсайын, «Azattyq Rýhy» – «Кәрілік те, мүгедектік те кәсіп ашуға кедергі емес»;
• Инна Бугаева, «inAlmaty.kz» – «В горах Алматы начали опорожнять селеопасные озера».
Үздік сұхбат:
• Айнаш Есалы, «Egemen Qazaqstan» – «Алматы – «жасыл» және «сары» аймақтар арасында»;
• Серікжан Мәулетбай, «Informburo.kz» – «Как будут восстанавливать экономику Алматы? Главное из интервью Бакытжана Сагинтаева».
«Үздік аналитикалық мақала»:
• Тоқтар Жақаш, «Жас Алаш» – «Алматының мәселесін шешуге әкім Сағынтаевтың әлі жете ме?»;
• Айгерім Әбілміжітова, «Tengrinews.kz» – «Их нельзя сравнивать, но очень хочется: Алматы и Нур-Султан».
«Үздік деректі материал»:
• Гүлнәр Тажиева, «Aiqyn» – «Жатақханаларға мониторинг жасалды»;
• Ольга Тонконог-Дәрібаева, «Sputnik Казахстан» – «Все звезды кино в Алма-Ате. Как жил «Голливуд на границе Китая» в военные годы».
«Үздік фоторепортаж»:
• Сәрсенбек Қызайбекұлы, «Nege.kz» – «Фоторепортаж. Халық дайын ба?»;
• Петр Карандашов, «Nur.kz» – «Как выглядит Вознесенский собор после трехлетней реставрации в Алматы».
«Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»:
• Қайым-Мұнар Табеев, «Almaty aqshamy» – «Алматының айшықты қадамдары».
Арнайы номинация — «Қаланың COVID-19-ға қарсы күресі туралы үздік материалы»:
• Алмас Садуақас, «Хабар 24» арнасы – «Отандық ғалымдар коронавирусқа қарсы үшінші баламалы вакцинаны жасады»;
• Людмила Макаренко, «Казахстанская правда» – «Картина в дни карантина».
Сондай-ақ, арнайы сыйлықтармен Алматы қаласын дамыту тақырыбын жариялауға белсенді қатысқаны үшін бірқатар журналистердің қосқан үлесі ескерілді:
Альберт Ахметов, «Zakon.kz»;
Данияр Дауталиев, «Казинформ»;
Мариям Бижикеева, «Kapital.kz»;
Екатерина Тихонова, «Время»;
Гүлвира Биғалиева, «Курсив»;
Бекзада Ишекенова, «LS Aqparat»;
Юлия Абрамова, «NUR.kz».