БАӘ президенті: "Біз соғыс жағдайындамыз"
Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті елдің Қарулы күштеріне "соғыс кезіндегі" қызметі үшін алғыс айтты.
Біріккен Араб Әмірліктері Иран шабуылдары аясында соғыс жағдайында екенін, бірақ бұл қиындықтан бұрынғыдан да күштірек болып шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы ел президенті Мухаммед бен Заид Аль Нахайян Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы бергі алғашқы жария мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент елдің Қарулы күштеріне "соғыс кезіндегі" қызметі үшін алғыс айтып, қауіпсіздік құрылымдарының елге адал қызметін жоғары бағалады. Сондай-ақ БАӘ-де тұратын шетелдік резиденттердің үлесін атап өтті.
Біз соғыс жағдайындамыз және өз міндетімізді орындаймыз деп уәде беремін. Бұл жағдай бізге таңылды, сондықтан біз өзімізді, отбасымызды және елімізді қорғау үшін әрекет етіп жатырмыз, – деді ол.
Мұхаммед бен Заид Аль Нахайян Тегеран шабуылдары салдарынан жараланған бес адамға – екі БАӘ азаматына, сондай-ақ Үндістан, Судан және Иран азаматтарына барып, олардың жағдайын білді.
БАӘ – тартымды әрі үлгілі ел. Бірақ бізді әлсіз деп ойламаңыздар. Біз оңай олжа емеспіз, – деп атап өтті президент.