БАӘ мен Түркияға ұшатын рейстер көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 15 ақпандағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес республика аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша Қазақстан «SCAT» авиакомпаниясының аптасына 8 рейс орындауға рұқсат етіледі.  

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан Рас-эль-Хайм қаласына (БАӘ), Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды жолаушыларын COVID-19 теріс ПТР-тестпен 100% қамтамасыз ету. 

Сонымен қатар, жоғарыда аталған шешімге сәйкес түрік авиатасымалдаушыларға Алматы мен Анталия қалалары арасындағы 2 қосымша рейстер орындауға рұқсат етілген. 

Рейстер санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтау  және авиакомпаниялар сайттарында жарияланған кестеге сәйкес қатаң орындалатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы