БАӘ мен Қазақстан. Елордада екі ел тәуелсіздігінің мерейтойына арналған шара өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біріккен араб әмірліктері елшілігі БАӘ тәуелсіздігінің 50 жылдығы мен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырды.
Мәдени шарада екі елдің мәдениеті таныстырылып, танымал қазақстандық және әмірліктер әртістері өнер көрсетті.
Сауда орталығына келушілер мерекелік концертті тамашалады.
Өнер көрсеткендердің арасында Сүндет Байғожин, Әмірліктердің «Альмазюд» фольклорлық ансамблі «Шалқыма», «Айкөркем» би ансамбльдері, «Viva» кабаре шоуы бар. Шара аясында әмірлік қолөнершілерінің бұйымдары қойылған шағын көрме ұйымдастырылған.
Біріккен араб әмірлігі өз тәуелсіздігін 1971 жылдың 2 желтоқсанында алды. Ал Қазақстан 16 желтоқсан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелейді. Шара ұйымдастырушылары екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған игі іс шара бірнеше күнге жалғасатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Х Азаматтық форумның пленарлық отырысы өтті
Келесі жаңалық
Есірткі таратқан астаналық 18 жылға сотталды
Өзгелердің жаңалығы