БАӘ-де соңғы 30 жылда болмаған нөсер жауды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінде соңғы 27 жылдан бері ең көп мөлшерде жауын-шашын жауды.
Бұл туралы Khaleej Times хабарлады.
Ұлттық метеорология, жауын-шашын орталығының деректеріне сәйкес, екі күнге жалғасқан жауын ел тарихындағы ірі тасқынға ұласқан. Фуджейра порттық станциясында 255,2 мм жауын-шашын түскен. Бұл аталған елдегі шілде айындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.
Солтүстік-шығыста орналасқан Масафи қаласында 209,7 мм нөсер жауған. Белгілі болғандай, нөсерден зардап шеккендер жоқ, тек автокөліктер мен ғимараттарға залал келген.
Республика үкіметі жақын күндерде қашықтан жұмыс істеу режіміне ауыстыру туралы тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
36 адамның жағдайы ауыр – ДСМ
Өзгелердің жаңалығы