Бүгiн 2026, 07:48 Фото: Amr Alfiky / Reuters

БАӘ әуе кеңістігін ішінара уақытша жапты

Ресми дерекке сәйкес, шешім қауіпсіздік мақсатында қабылданған.

Біріккен Араб Әмірліктері Ираннан төнген қауіпке байланысты әуе кеңістігін ішінара уақытша жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елдің азаматтық авиация басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми дерекке сәйкес, шешім қауіпсіздік мақсатында қабылданған.

БАӘ Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта әуе қорғанысы жүйелері Ираннан ұшырылған зымырандар мен дрондардың шабуылдарын тойтарып жатқанын хабарлады.

Билік өкілдері жағдайдың тұрақтануына қарай әуе кеңістігі қайта ашылатынын атап өтті.