Бақыт Сұлтанов ұлттық валюта күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтарды ұлттық валюта күні және қаржыгерлердің кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құрметті достар! Сіздерді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын!

Мәселен, менің еңбек қызметім қаржымен әрдайым байланысты: Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қаржы министрі лауазымында - бюджет қаражатының дұрыс бөлінуіне, оның ішінде, мемлекеттік бюджетті толықтығына жауап бердім. Енді, сауда және итеграция министрі бола отырып, мен біздің экономикамыздың басты қозғалтқышы - сауда, және елге қазақстандық экспорттан ақша келу үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.

Барлық қазақстандықтарды біздің теңгеміздің туған күнімен құттықтаймын! Барлық отбасыларға тұрақтылық, амандық пен сәттілік тілеймін!, - деп жазды Бақыт Сұлтанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы