Бақыт Сұлтанов қала тұрғындарына есеп беруде
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беруі өтіп жатыр.
«Әр жылдың өз ерекшелігі бар. Өткен жыл еліміз үшін де, Елордамыз үшін де толайым табыстарға толы болды. Алдымызға қойған мақсатты межелер бағынды, алқымды асулар алынды деп сеніммен айта аламыз. Ел болып Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Осы уақыт аралығында елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан әлемдегі сұлу қалалардың біріне айналды. Оның бүгінгідей өсіп-өркендеуі ең алдымен осы қала тұрғындарының, өздеріңіздің ерен еңбектеріңіз деп білемін», - деп бастады сөзін қала әкімі.
Сұлтанов бүгінгі таңда әкімдік үшін қаланың ішкі тұрмыс-тірлігін түгендеп, оның әлеуетін асыру және қалыпты өмірін қамтамасыз ету басты міндет екенін айтты.
«Бұған дейін қаламыздағы төрт аудан әкімдері тұрғындар алдында есеп берген болатын. Бұл орайда, қала тұрмысының жалпы тынысы анықталып, алдағы жұмысымыздың басым бағыттары айқындалды. Өздеріңізге мәлім, Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында негізгі басымдықты жаңа әлеуметтік саясатқа бұрып, ең маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды атап көрсетті. Нақтырақ айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері бар. Бұл мәселелер әсіресе біздің шаһар үшін аса маңызды. Себебі мұның түбінде халықтың денсаулығы мен білімінің сапасы, руханияты мен мәдениетінің мәні, тұрмысы мен тынысының сәні жатыр», - деді Сұлтанов есеп беру кезедсуінде.
Астана әкімі қаланың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жаман болмағанын айтты.
«Бірқатар өзекті мәселелердің түйінін тарқатып, талай шаруаның шешімін таптық. Нендей шешімдер? Олар мыналар: Астанамызда қандай басты өзгерістер орын алады? Негізгі ресурстарды қай бағытқа және не үшін жұмылдырамыз? Сіз бен бізді алаңдатып отырған басты мәселелер қандай? Бүгін сіздермен осы төңіректе пікір алмасып, сауалдарға жауап беретін боламыз», - деді әкім.
Назерке АБИБУЛЛА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қала әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтуде
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы