Бақыт форумы: статистика мен сауалнама нәтижесінде қарама-қайшылық бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2015 жылғы әлемнің 158 еліндегі бақыт деңгейі бойынша Қазақстан 44-орында. Бұл туралы Стратегиялық бастамалар орталығында өткен форумда айтылды. 

Әлемдік рейтинг негізінде едіміздегі аймақтардың да рейтингі жасалды. Қазақстандықтар мемлекеттік тарапынан көрсетілетін әлеуметтік игіліктердің деңгейін орташа бағалауда. 

"Статистика мен сауалнама қорытындысы негізінде рейтинг шығардық. Статистика мен сауалнама нәтижесінде қарама-қайшылықтар бар. Мысалы, статистика бойынша "Нұрлы жер" сияқты мемлекеттік бағдарламалар жоспар бойынша іске асып жатса, сауалнама нәтижесі аймақ тұрғындары оның қаншалықты жүзеге асып жатқанын сезінбейтіндерін көрсетті", - дейді Стратегиялық бастамалар орталығының жобалар бойынша директоры Бақытжан Сәркеев. 

Бақыт рейтингін жасаудың мақсаты - қазіргі жағдайдан хабардар ету.  Ары қарай қандай шаралар қолдану керек екені мемлекет еншісіндегі дүние. 

"Бұл рейтинг жағдай қалай екенін көрсету. Әр өңір осы рейтингке сүйеніп, қай сала ақсап жатыр сол бойынша жұмыс істеуі керек", - дейді Бақытжан Сәркеев.

Бұған дейін зерттеу аясында орташа есеппен 36 жастағы 3000 адамнан сауалнама алынғаны туралы хабарлағанбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
20 мамыр. Сайлау барысы
Өзгелердің жаңалығы