Бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлыққа толықтырулар енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына толықтыру енгізу туралыҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 65-66, 474-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.».
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
#Желмая. Елде бір жасаған жолды жылда-жылда неге жасай береді?
Өзгелердің жаңалығы