Бақтияр Мәкен: Медицина қызметкерлеріне бүгіннен бастап сыйақы беріледі
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен хабарлады.
Бүгін Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Хабар24" арнасы арқылы тікелей эфирде өткен онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елдегі коронавирус жағдайына байланысты қабылданған шаралар жөнінде айтты.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай кезіндегі коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары кеңінен жүргізілуде. Бүгіннен бастап барлық қоғамдық көліктерге тиісті шектеулер қойылып жатыр. Кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер жұмысын уақытша тоқтатты. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның бұл шешімі қала тұрғындарының денсаулығын сақтау мен коронавирус індетінің кеңінен таралуына жол бермеу мақсатында қабылданып отыр,-деді Бақтияр Мәкен.
Ол сондай-ақ, қала әкімдігімен қолға алынып отырған шараларға тоқталды.
Біріншіден, елорда медицина қызметкері үшін тиісті қонақүйлер мен көліктер берілді. Бұл қызметтердің барлығы тегін. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық салаларға жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істейтн медициналық қызметкерлер үшін қаржылық қолдау пакетін бекіткенін хабарлаған болатынбыз. Сол бастаманы біз қолға алдық, бүгіннен бастап барлық медицина мекемелерінде қызмет ететін жұмыскерлерге тиісті сыйақы беріледі. Екіншіден, №2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс жасайды. №2 қалалық емхана базасында жедел респираторлық вирустық инфекция белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсерваториялық емхана ұйымдастырылды. ОРВИ белгілері бар науқастарды тек қана №2 қалалық емхана қабылдайды. Емханада емделушілердің коронавирус инфекциясына зертханалық диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Мұндай қиын кезеңде түсіністік танытып, медицина қызметкерлерінің нұсқаулықтарын бұлжытпай орындау қажет,-деді қала әкімінің орынбасары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы