Бағаның жоғары тұрақсыздығын байқаймыз: Министр азық-түлік туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында азық-түлікпен қамтамасыз етудегі мәселелерді атады.
Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы біріншіден өнімді ұзақ мерзімге сақтау үшін сапалы инфрақұрылымның жетіспеушілігімен сипатталады. Бұл ауыл шаруашылық өндірушісінің шығынын арттырады. Екіншіден сауда-логистикалық инфрақұрылым нысандарының бір-бірімен дұрыс үйлестірілмеуі тұтынушыға дейін жеткізетін тауар жолын қиындатады, - дейді Бақыт Сұлтанов.
Ол сондай-ақ, сауда инфрақұрылымының ескі форматтары өнімді тиімді таратып, ұзақ мерзімге бағаны тұрақтандыруға жол бермейтінін айтты.
Сонымен бірге, еліміздегі көлік-логистикалық жүйенің қымбаттылығы мен тиімділігінің төмендігі транзиттік мүмкіншіліктері мен экспорттық әлеуетті толық ашуға қосымша қиындықтарды туындатады. Өндіріс пен тұтыну үйлесімі туралы айта келе ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылатыны айқын. Алайда қазіргі инфрақұрылым, жетілдірілмеген логистика, тауар айналымына қатысушылардың өзара нақтыланбаған іс-қимылы бағаның едәуір өсуіне алып келеді, - дейді министр.Сонымен қатар, оның пікірінше, еліміздің әрбір азаматы мұны осындай жағдайда, әсіресе маусымаралық кезеңде сезінеді.
Жыл сайын ақпаннан мамырға дейін егін қоры таусылып, көрші елдерден жаңа өнім келе бастағанда біз бағаның жоғары тұрақсыздығын байқаймыз. Бұл өз кезегінде инфляцияға теріс әсер етеді, - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда коронавирус жұқтырған тағы алты адам тіркелді
Өзгелердің жаңалығы