Бұқтырмада қайық аударылып, жас жігіттер суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасына екі жігіт батып кетті, деп хабарлады altaynews.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңертең құтқарушыларға Бұқтырма су қоймасында қайық аударылып, екі азаматтың батып бара жатқаны жайлы хабар түскен. ТЖМ мамандары оқиға орнына келіп жеткенше 22 жастағы жігіттер суға батып кеткен.

Біреуінің денесін сол маңайда болған куәгерлер алып шықса, екіншісінің мәйітін сүңгуірлер тапты. Қайықпен серуендеуге шыққан ер адамдар жағадан тым алыс кетіп қалған. Кенеттен қайық аударылып түсіп, қайғылы жағдай орын алды. Жыл басынан бері өңірімізде 16 адам суға кетті, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы