БҰҰ Сириядағы жағдай үшін алаңдаулы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ-ның Бас хатшысы Сирияның солтүстік-шығысындағы шиеленісті шұғыл бәсеңдетуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бұл өңірде Түркияның қарулы күштері әскери операция жүргізіп жатыр. Антониу Гутерриш тараптарды арадағы түйткілдерін бейбіт жолмен шешуге үндеді.

Өткен аптада Түркия көрші Сирия аумағында «Бейбітшілік қайнары» атты әскери операциясын бастаған болатын. Шара «Күрдістанның жұмыс партиясы» және «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» содырларына қарсы бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы