Сағынтаев: Алматы бюджетінің 47%-ы қалалықтардың әлеуметтік сұраныстарын шешуге жұмсалады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қала бюджеті әлеуметтік бағытта қалып отырғанын, сондай-ақ мегаполистің экономикалық көрсеткіштері туралы айтып берді.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,7%-ға өсті.

Қалалық бюджет әлеуметтік бағдарланған, әлеуметтік салаға 47% тиесілі. Шығындардың негізгі баптары – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік әл-ауқат, спорт, мәдениет және туризм.

Қалған қаржы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, көлік инфрақұрылымын дамытуға, абаттандыруға, көгалдандыруға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалады.

Пандемияның барлық қиындықтарына және оған байланысты шектеулерге қарамастан, Алматы экономикасы қалпына келудің жоғары қарқынын көрсетуде. Жыл басынан бері Алматы экономикасы 5,5%-ға өсіп, 5,8 трлн теңгені құрады.

Алматы – инвесторлар үшін тартымды қала. Бүгінде жалпы инвестиция көлемі 54,3 млрд теңге болатын қызмет көрсету саласында бірқатар жобалар іске асырылды. Бұл – құны қымбат тұратын Holiday Inn Express қонақ үй кешені, Swissotel Wellness Resort Alatau емдеу-сауықтыру кешені.

Осы айдың өзінде Ibis және Novotel халықаралық брендтерімен көпфункционалды «Жетісу» қонақ үй кешені ашылады.
Құны 85 млрд теңге болатын Алматыдағы Халықаралық әуежайдың жаңа терминалын салу маңызды жоба болуы тиіс, бұл жолаушылар ағынын жылына 6 млн адамға дейін, өткізу қуатын – 2,5 есеге арттырады.

Ағымдағы жылы Бостандық ауданында De Montfort Kazakhstan университетінің кампусы салынды. Медеу ауданында университет кампусын салу жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың ақпан айында «High Tech Academy» жеке Халықаралық инновациялық мектебі жобасы іске асырылды. Наурыз айында Медеу ауданында «Helmer» медициналық-оңалту орталығы ашылды.

Қыркүйек айында онкология және радиология институтының ғимаратында Томотерапия орталығының ашылуы өтті, онда инвестор Денсаулық сақтау саласындағы түрік компаниясы «Orhun Medical» болды.

Сауда саласында да жобалар пысықталуда, олар: Леруа Мерлен екінші сауда орталығының; Volkswagen және Mercedes Benz дилерлік орталығының құрылысы.

Қаланың өнеркәсіп саласы да инвесторлар үшін тартымды. Қалада Индустриялық аймақ бар, онда өткен жылы «Hyundai Trans Kazakhstan» жеңіл автомобильдер зауыты, «Asia Steel Pipe Corporation» құбыр өнімдерін шығаратын зауыт салынды. Жаңа жобалар пысықталуда: «CELKONSAN Stroy» металл қоршаулар шығаратын зауыт және «Panelsan» сэндвич-панельдерін шығаратын зауыттар жобалары пысықталуда.

Қаланың Индустриялық әлеуеті 10 айда 18,9%-ды құрады. Қазіргі уақытта Алматының Индустриялық аймағына қатысушылардың құрамына «Halavet Gida Sanayive Ticaret A. S.» түрік компаниясын желатин өндіру зауытын салу жобасымен қосу мәселесі пысықталуда.

Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 15% өсіммен 873 (873,7) млрд теңгеден асты. Жыл басынан бері өнеркәсіпте 18% өсім қамтамасыз етілді. Бөлшек сауда көлемі 12,7%-ға өсіп, 3,3 трлн теңгені, көтерме сауда – 2,3%-ға, 8,7 трлн теңгеге дейін жетті. Құрылыста 22,2% өсім қамтамасыз етілді. Жыл басынан бері инфляция 7,6%-ды құрады.

ШОБ қала экономикасының барлық салаларында бар: қызмет көрсету, сауда, құрылыс және өнеркәсіп. Жыл басынан бері шағын бизнесті несиелеу 1,4 есе өсті. Қалалық бағдарламалар бойынша несиелеу бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 55%-ға (49,5 млрд теңгеге) өскенін атап өткен жөн. Қаланың тыныш аудандарында (Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб аудандары)кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін бизнеске 5%-бен несие беру ұсынылады.

Кәсіпкерлік субъектілері 30 мың жұмыс орнын, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында - 2680 бірлік, Бизнестің жол картасы – 1621, білім беруді дамыту бағдарламасы бойынша – 2690, ИИДМБ – 868, АӨК - 200, Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша - 282) туристік сала бағдарламасы бойынша - 145, ЖҚЖК – 1374, басқалары бойынша - 25 мың орынды құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы