Бәрі жақсы болады – Асқар Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт әлеуеті де жақсы болады. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты.

Қазіргі уақытта барлық өңірлер жаппай егін жинауға кірісті. Негізгі астық егетін өңірлерде ауа райы жаздың ортасында құрғақ болса, қазір тұрақсыз. Сондықтан өнімді жинап алумен қатар, жұмысты барынша төмен шығынмен орындап үлгеру маңызды. Үкімет тарапынан егін жинау жұмыстарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шешімдер қабылданды, - дейді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, жалпы барлық қабылданған шаралардың есебінен биыл астықтың болжам ретінде жиналымы 18 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр.

Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт әлеуеті де жақсы болады. Қомақты ресурстық базасы мен географиялық жағынан аса ірі өткізу нарықтарының ортасында ыңғайлы орналасуы отандық агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін және Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабына айналуына жағдай жасайды. Тауарлар мен қызмет нарығындағы күрделі жағдайды ескергеннің өзінде, нарықтағы астықтың және басқа азық-түлік өнімі бағасының серпіні тұрақты, тіпті оң болып табылады, - дейді Үкімет басшысы.
Бұған дейін Асқар Мамин 2021 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2,8 деңгейінде болады деп болжанып отырғанын айта келе, ел экономикасын қолдау шараларын сапалы іске асыру керектігін жеткізген болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы