БҚО-дағы шекарада санитарлық бекет ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысындағы шекара қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Карантин біткенімен шектеу шаралары жалғасуда. Шекарадан өтуге тек жүк көліктеріне ғана рұқсат берілген, деп жазды Хабар24.
Тұрғындар көрші елге тек емделуге немесе жақын адамы қайтыс болғанда ғана өте алады. Ел аумағына кіргендердің барлығын санитарлық дәрігерлер тексереді. Қызуы көтерілген науқастар бірден ауруханаға жіберіледі. Төтенше жағдай басталғалы 70 адам жедел жәрдем көлігімен емдеу орындарына кетіпті. Қазір мұнда уақытша санитарлық-карантиндік бекет ашылған. Бұрындары шекарадан тәулігіне 6 мың автокөлік пен 10 мың адам өтсе, қазір олардың саны 3 мыңнан да аспайды.Біздің өткізу бекетіміз арқылы 800-дей көлік өтеді. Олармен арақашықтықты сақтай отырып шекаралық бақылау жүргізіледі. Бұл жұмысты медицина мамандары барлық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады. Яғни құжаттарды антисептикпен залалсыздандырып, бізге тексеруге жібереді, - дейді "Сырым-авто" өткізу бекеті бастығының орынбасары Ермек Баяхметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Өзгелердің жаңалығы