БҚО-дағы науқастардың жағдайы қанағаттанарлық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы 6 адамнан анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Коронавирусты жұқтырған бірінші азаматша 33 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол өзіне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. Вирусты жұқтырған қалған 5 адам Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар қашықтық термометриямен тексеріп, сауалнама алу кезінде азаматтардың дене қызуы жоғары екені байқалған.Іс-қимыл алгоритміне сәйкес жедел жәрдем шақыртылып, провизорлық стационарға жатқызылған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 адамда да COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
18.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 39 адам анықталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құтқарушылар Көкшетау көшелерін дезинфекциялауда
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы