БҚО-да вирус жұқтырғандар Ресейде жұмыс жасап келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. 

Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтар Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 20, 21 және 24 жастағы Түркістан облысының тұрғындары. Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы Сырым автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды, – делінген хабарламада.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 3 адамда да COVID-19 диагнозы нақтыланды. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

27.04.2020 жылғы сағат 23:00-дегі жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 125 адам тіркелген.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы