БҚО-да вирус табылған 6 адамның 5-еуі Ресейден келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы тағы 6 адамнан табылды, олардың 5-еуі Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін азаматтар — 3-і -Батыс Қазақстан облысының, ал 2-еуі Түркістан облысының тұрғындары, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Бұл азаматтармен Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде олардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы анықталған алтынша адам 54 жастағы азамат — Орал қаласының тұрғыны. Ол өзіне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 адамда да COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған
24.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын 92 адам жұқтырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда вирус жұқтырған 5 адам тіркелді
Өзгелердің жаңалығы