БҚО-да коронавирус табылған азаматтар Ресейден келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам туралы хабарлады.

Коронавирус инфекциясы табылған азаматтар Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін 40 және 43 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. 
Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы "Сырым" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19-ды жұқтырған-жұқтырмағанын зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда олардың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды, – делінген хабарламада.

Азаматтармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошағында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

22.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 72 адам анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы