БҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны 100 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын тағы 7 адам жұқтырды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Коронавирус инфекциясы табылған адамдардың барлығы да Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін азаматтар. Олардың 5-еуі Батыс Қазақстан облысының, 2-еуі Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары. 

Ресей Федерациясымен шекарадағы Тасқала және Сырым автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізуі кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 7 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

24.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 100 адам анықталды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы