БҚО-да инвесторлар сүт фермасына 6,2 млрд теңге инвестиция салады
Астана, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 6,2 млрд теңгеге екі сүт-тауар фермасы салынып жатыр. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.
Облыстық ауыл шаруашылық басқармасында хабарлағандай, өңірді сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету үшін аталған жобалар Бөрлі және Теректі аудандарында жүзеге асырылып жатыр.
«Бүгінгі күні АМАNАТ пен Ringo Milk шаруа қожалығында 600 бас сиырға арналған қораның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобалардың жалпы құны 6,2 млрд теңгені құрайды», - деді ведомствода.
Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Фермаларда сүт және сүт өнімдері дайындалатын болады. Бұл кәсіпорындарда тұрақты негізде 59 адам жұмыспен қамтылса, сондай-ақ, құрылыс барысында маусымдық жұмысшылар да тартылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды
Өзгелердің жаңалығы