БҚО-да да барлық тарифтер арзандады

Астана, baq.kz. Батыс Қазақстан облысында да барлық тарифтер арзандады. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Енді аймақ тұрғындарының су, кәріз жүйесі, жылу және электр қуатына жұмсайтын шығындары орта есеппен 10% азаяды. Пәтер иелері кооперативі мен жеделсатыны тұтыну қызметі де арзандаған. Жауапты тұлғалар «жаңа тарифтер осы жылдың соңына дейін өзгермейді.

«Ішінде инвест бағдарламаны орындамағаны үшін тарифтер бар, тарифтік сметаны орындамағаны үшін тарифтер бар. Мұнымен қоса, сумен қамту қызметі бойынша негізгі стратегиялық тауар электр энергиясының бағасын төмендеттік. Ал, жылу энергиясының бағасының төмендеу себебі – газ құнының төмендеуі. Негізгі себеп сол болып саналады», - дейді табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы Айболат Берқалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы