БҚО-да ауылдық округтерге экологиялық кодексті бұзғаны үшін айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  БҚО Сырым ауданы прокуратурасымен 6 ауылдық округте тұрмыстық қалдықтарды орналастыру полигондарында экологиялық талаптардың сақталмай отырғандығы анықталды.Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы хабарлады.

Атап айтқанда, Алғабас, Аралтөбе, Елтай, Жетікөл, Талдыбұлақ, Шолақаңкаты ауылдарында жергілікті атқарушы органдарымен Экологиялық кодекстің 292-бабымен көзделген коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қайта пайдалану, орналастыру жөніндегі қажетті инфрақұрылым жасалмаған.

Полигондарда қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар, пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары, шыны сынықтарын орналастыруға жол берілген (Экологиялық кодекстің 301-бабы).

«Аудандық прокуратураның қадағалау актісі негізінде Экология департаментімен аталған әкімдіктер ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша (өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 228 мың теңге айыппұл салынды»,-делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта айыппұл толық өндірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы