БҚО-да алимент төлемеген борышкер сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы хабарлады.

Орал қаласы прокуратурасы С. есімді борышкердің ата-аналық міндеттен жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуына тиісті қадағалауды қамтамасыз етті. Атап айтқанда, 2015-2019 жылдары С. екі баласына алимент төлемей, ол бойынша берешек 3,6 млн. теңгеге жетіп, неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 138-бабының талабы бұзылған.

Борышкер жеке сот орындаушысының ескертулерін ескермей, жұмысқа орналаспаған.

Жүргізілген профилактикаға қарамастан, С. жеке басының қамын ойлап, табысының үштен бір бөлігін алимент ретінде төлеу туралы 2010 жылғы 22 ақпандағы соттың шешімін қасақана орындамаған.

Сондай-ақ, 2017 жылғы 4 қаңтарда «S» ЖШС-нің жалған бухгалтерлік құжаттарды өткізу фактісі бойынша ҚК-нің 192-1-бабымен басталған (ескі редакцияда) сотқа дейінгі тергеу рақымшылық актісінің қолданылуына байланысты тоқтатылған.

Ал оның құрылтайшысы С. заңсыз табыс тапқаны анықталды.

«2019 жылғы 10 қыркүйекте БҚО Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚК-нің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) көзделген қылмысты жасағаны үшін С. бір жылға бас бостандығы шектелді және жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды»,- делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы