БҚО-да 280 дана киік мүйізін тасымалдаған жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 280 дана киік мүйізін тасымалдаған жүргізуші ұсталды.
"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК таратқан мәліметке қарағанда, 4 маусым күні сағат 23.30 шамасында Атырау-Орал жолының Ақжайық ауданы Чапаев ауылы тұсында Suzuki Grand Vitara көлігі тоқтатылған. Құжаттарды тексеру кезінде күдікті көлігімен Оралға қарай қашып кеткен.
Оқиға орнын қарау кезінде 280 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, - делінген "Охотзоопром" ақпаратында.
БҚО Полиция департаменті көлік рулінде 33 жастағы азамат болғанын хабарлады. Ол Атырау-Орал жолының 382-шақырымында бұрылып, далалық жолға түскен. Сол жерде өзінің құжаттарын тастап кеткен.
Осылайша, бүгін жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оның жүрген орнын анықтап, қолға түсірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай-175: Абай үйірмесі әр мектепте болуы тиіс – директор
Өзгелердің жаңалығы