25 Қазан 2019, 12:16
БҚО-да 2 және 5 жасар балалар жоғалып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған екі бала жоғалып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған екі бала жоғалып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 24 қазан күні сағат 21:00-де Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жанама ауылында 2014 және 2017 жылы туған екі баланың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. 16:00-де олар есік алдында ойнап отырған жерінен жоқ болып кеткен.
Ақпарат түсе салысымен балаларды іздеу жұмысына полиция, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Орал қаласынан құтқарушылар мен кинологтар жіберілген. Олар Жанама ауылы мен оның маңындағы ауылдарды қарап жатыр.
Іздеу жұмыстарына 30 адам, құтқарушылардың 2 арнайы техникасы мен полиция және 200-дей ауыл тұрғыны қатысып жатыр.
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026
- Тауда адасқан туристерге арналған авариялық қор жәшіктері орнатылуда 15.08.2026