БҚО-да 2 мыңнан астам адам үй карантинінде жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 2245 адам үйден бақылануда, деп хабарлады БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент мәліметінше провизорлық стационарда – 21, карантиндік стационарда 64 адам жатыр. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 148 адам ем алуда.
Батыс Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 107-ге жетті. Бүгін тағы алты адам жазылып, үйлеріне жіберілді.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, олардың үшеуі – Орал қаласының, екеуі – Тасқала ауданының тұрғындары. Тағы бір адам Алматы қаласына қайтады.
Ауруханада жатқандардың ішінде бір науқастың жағдайы ауыр. Қалғандары жеңіл және орташа халде, - деді Ахметова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы