«Бұл жерде бір шикілік бар». «Қара бүркіт» түрме бастығының әпкесі мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қара бүркіт» түрмесінің басшысы Арман Әбілевтің туысы «ТоболИнфо» ақпарат агенттігіне жүгінген. 

Ол өзінің тегі мен жүзін көрсетуден бас тартқан. Бұл әрекетін ол  кейін  өзіне және ағасына кері әсер етуімен түсіндірді. 

Айта кетейік, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы  сотталушыға жалпы қамқорлығы үшін пара алғаннан кейін ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі «Пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Қостанай қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол сотталушыдан 1 млн теңге пара алды деп айыпталуда.

Арман Әбілев  апасының мәлімдемесінде былай жазылған. 

Мен Арман Әбілевтің үлкен әпкесімін. Оны ұстап, айыптап жатыр, бірақ ол кінәлі болмауы да мүмкін. Оны желтоқсан айында ғана тағайындады, бірақ қаңтар айынан бастап ол отбасына оған қасақана жала жабу мүмкіндігі туралы шағымдана бастады. Ашып ештеңе айтпайтын, біз де қазбалап сұрамадық, бірақ бұл туралы мен, әйелі мен анасы хабардар еді. Ол жүйенің нашарлығы мен іштарлық көп екенін және жұмысы қиын екенін айтатын. Біз оны аяп, көңіліміз түсетін. Оның зейнетақыға дейін аз уақыты қалған еді, соңына дейін жұмыс істеуге шыдаймын деген. Басты мәселе – соңғы кезде ол ішімдікке салынды. Үйге келмеуді шығарды, күні-түні жұмыста қалатын. Үйге келген күннің өзінде мас болып келетін. Оны ұстаған күні де ішімдік ішкен еді. Елестетіңізші, мас адамға жала жабу өте оңай. Мүмкін, ол не істегенін білмей, сол ақшаны ұстаған да шығар. Ол жердегі жүйе қиын. Әрине, барлығы бұл туралы алдын ала білді. Тексеру үнемі жүргізіледі десе, оның ішімдік ішіп жүргенін неге тексермеген? Сол үшін ғана жұмыстан босататын еді ғой. Оны тек ұстаған кезде ғана айтты. Арманның өзі де ұсталған соң, ағасына ол ақшаны алмағынын айтты. Бұл жерде бір шикілік бар. Қатты қорқамын. Иә, ол кірпияз еді, жұмыста көбі жақтырмайтын, бірақ пара алғанына күмәнім бар. Шын мәнінде қалай болғаны тек бір Аллаға аян, - деді ол. 

Сондай-ақ, Әбілевтің әпкесі ұсталған ағасын тергеу изоляторында ұрғанын және оның жүрегі нашар екенін айтқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы