Бұл мемлекет тарапынан жасалған жауапты қадам – тарихшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жасаған үндеуіне қатысты Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы Леся Қаратаева осылай деді.
1997 жылдан бері 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Негізінде бұл күнді шығу тегіне, ұлтына, жасына қарамастан, қазақстандықтардың бірігу күні дер едім. Себебі, репрессия жылдары Қазақстан миллиондаған азаматынан айырылды. Екі кезеңдік 1919-1922 және 1932-1933 жылдардағы ашаршылық кезінде 3 миллионға жуық халық қырылды. Бұл - жеке халық жаппай қырғынға ұшыраған тарихтағы ірі оқиғалардың бірі. Сонымен қатар, саяси репрессияға тұтас бір ұлттың өкілдері ұшырады. Олар қазақ даласына депортацияланып жатты. Азаматтарды заңсыз саяси қудалау, жазалау оқиғалары болды, - дейді ол.
Тарихшы Мемлекет басшысының бұл үндеуі дер кезінде қабылданған шешім екенін айтты.
Қазргі таңда, "отанын сатқандар" деген жазаға тартылғандардың жақындарын ақтау міндеті тұр. 1993 жылы "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды. Әділдікті орнату жолында талай жұмыс атқарылды. Енді осы жұмысты аяқтайтын кез жетті. Дәл осы мәселе Президент жасаған үндеуде қозғалды, мемлекеттік комиссия құруға тапсырма берілді. Бұл – дер кезінде қабылданған шешім. Өйткені, кейбір адамдар үшін әділдік орнағанымен, әлі де ақталмай келе жатқандар баршылық. Сол себепті, бұл мемлекет тарапынан жасалған жауапты қадам, - дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызметкерлеріміз 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді нақты орындады – ІІМ басшысы
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы