«Бұл күнді есте ұзақ сақтайсыздар». Боксшы Әлімханұлы жекпе-жекке дайындығымен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) келесі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады. 

Орта салмақта бокстасатын отандық спортшы 12 сәуір күні Лос-Анджелестегі (Калифорния шатты, АҚШ) Staples Center аренасында рингке оралады. 

Ол 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) кездеседі. Жекпе-жекте орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas вакантты белбеулері сарапқа салынады. Бокс кеші Қазақстан уақытымен 13 сәуір күні таңертең өтеді. 

«12 сәуір әлемге QAZAQ STYLE-ды көрсетеміз! Жекпе-жекке 1 апта қалды. Бұл күнді есте ұзақ сақтайсыздар», - деп жазды ол Инстаграм желісіндегі парақшасында. 

Айта кетсек, бокс кешіндегі басты жекпе-жек Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) мен Энтони Кролла (34-6-3, 13 КО) арасында өтеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы