Бұл демократиялық қадам – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Ақжол" фракциясының мүшесі, мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов бүгін қабылданған оппозициялық заң жобасына өз пікірін білдірді. 

Бүгін парламенттік оппозиция туралы заң жобасы қабылданды. Бұл заң жобасын 2012 Ақжол демократиялық партиясы әзірлеген болатын. Бұл заң жобасы ЕҚЫҰ деңгейінде қаралды. Өзінің оң бағасын алды. Ең бірінші жетістік бүгін саяси айналымға ресми түрде парламенттік оппозиция деген ұғымның енуі. Дамыған елдерде демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылатын оппозиция деген сөздің ресми түрде біздің саяси айналымға енуі де жетістік болып отыр, - деді партия мүшесі.
Сонымен қатар бұл заң жобасы бүгінгі мәжілістегі партиялар емес, ертеңгі сайланатын мәжілістегі партиялар үшін маңызы зор екендігін айтты.
Бұл демократиялық қадамның алғашқы қазығы. Партиялардың даусын есту үшін демократиялық принциптерге саяси саясат жүргізу үшін, көшедегі дауды мәжіліс қабырғасына енгізу үшін жасалған заң жобасы деп ойлаймын. Бұл заң жобасымен мәжіліске өткен парламенттік оппозиция саналатын партиялардың жұмыс істеу регламенті белгіленеді. Оның үстіне барлық комитеттердің төрағалығына ұсынуға құқығы бар, - деді мәжіліс депутаты.
Дегенмен барлық комитеттің ішінде бір комитет кепілді түрде парламенттік оппозицияға берілетінін айтты.
Сол сияқты парламеттің ішіндегі регламенттік жұмыстарға сәйкес көптеген парламенттік азшылықтың құқықтары заңмен бекітілді. Оның үстіне үкімет сағатын белгілеп, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша үкімет сағатын, тақырыбын белгілей алады. Белгілеп қана қоймай, толыққанды қатысып, парламеттік тыңдаулар өткізуге құқықтар алады, - деді Берік Дүйсенбинов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы