Бүкіләлемдік әскери ойындарға қатысқан қазақстандықтар елге оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасының Уанхань қаласында өткен VII халықаралық армия ойындарының жеңімпаздары туған жерге оралды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, әлемнің 109 мемлекеті қатысқан тартысты додада Қазақстан Республикасы 12-орынға жайғасты. Спорттың 10 түрінен шеберліктерін сынаған спортшылар арасынан Олимпиада ойындарының жеңімпазы майор Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды иеленсе, боксшы жігіттеріміз бен таэквандошы жігіттер келесі үш алтынды қанжығаларына байлады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің еншісінде 4 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль болды.

"Бүгін Алматы қаласының халықаралық әуежайында жеңімпаздарымызды салтанатты түрде қарсы алдық. Қуанышымызда шек жоқ! Еліміздің көк туын желбіретер спортшыларымыздың айбыны асқақтай берсін! Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жасасын!", - делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы