Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандықтар екі қолаға ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ухань қаласында өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржыны екі қола медальмен толықты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
АОСК құрамына жүлдені грек-рим күресінен армия спортшылары әкелді.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыста ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Айдос Сұлтанғали үшінші орынды иеленді. Ол Үндістан палуаны - 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Гьянендера Дахияны 6:3 есебімен жеңді.
76 келіге дейінгі салмақта армия спортшысы Гүлмарал Еркебаева Литва чемпионы Грета Стэпонитені 10:0 есебімен жеңіп, ел қоржынына екінші "қоланы" әкелді. Бес күндік жарыс қорытындысымен медаль саны жағынан ойын қожайыны – Қытай көш бастап тұр. Қазақстан құрамасының қоржынында – бір алтын, бір күміс және үш қола бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бангладеште 16 адам өлім жазасына кесілді
Өзгелердің жаңалығы