Бүгіннен бастап далада спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап барлық өңірдегі бірнеше кәсіпкерлік субъектілерге жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі.
Осыған дейін 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілген болатын.- аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);
- фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
- шаштараздар (жазылу бойынша);
- медицина орталықтары (жазылу бойынша);
- стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);
- жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
- шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жанданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мақтаарал ауданында тағы 3 ауылды су басу қаупі сейілмей тұр
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы