Бүгінгі кеңестің жемісі жоғары – Рауан Кенжехан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Президент қатысуымен өткен Ұлттық кеңес жиынында қарастырылған мәселелер жөнінде Ұлттық аударма бюросының директоры Рауан Кенжеханұлы өз пікірін білдірді. 

Бүгінгі отырыстың жемісі жоғары деңгейде білім жүйесін басты басымдық ретінде атап көрсетті. Соған сәйкес тапсырмалар берілді. Және білім берудегі білім сапасының қолжетімділігінің күшейту үшін негізгі мәселе білім  саласын қаржыландыру айтылды. 30 елдердің қатарында болғымыз келсе, онда білім саласына сол елдермен деңгейде көңіл бөлуіміз керек, - деді ол.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қаржы бөлінген уақытта ғана білімі саласында нақты қадамдарға жол тартатынын атап өтті.
Нақты айтсақ, Президент те оны ерекше атап көрсетті. Біз талаптарына ұмтылатын ерте дамыған елдермен Қазақстанды салыстыратын болсақ қаржыландыру саласынан алшақтық 10 есені құрайды, - деді бюро басшысы.
Сондықтан кезең-кезеңмен осы бағытта мемлекет білім беру саласына бөлінетін қаражатты көбейту керектігін атап өтті. 
Соған байланысты түрлі тапсырмалар беріліп жатқандығы айтылып, қоғамдық кеңеске мүше әріптестер біздердегі ұсыныстарды нақты атап, жұмыс жоспарына кіргізді. Сонымен қатар, бұл жиынның қорытындылары мен шешілген түйткіл мәселелеріне ризамын, - деді Рауан Кенжеханұлы. 
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына байланысты бірнеше бастама айтқандығын тілге тиек етті.
Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің жалақысын көтеру жайлы сөз болды. Алдығы уақытта екі жарым есеге дейін дәрігерлер жалақысы көтеріледі. Сондай-ақ, денсаулық сақтау мекемелеріне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. Осы сияқты маңызды шешімдер қабылданды, - деді бюро басшысы.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы