Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 мамыр күні 4 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің болжамынша, ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы төрт қалада – Атырау, Қарағанды, Қостанай және Шымкенте күтіледі. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы