Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 14 мамыр күнгі ауа сапасы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атап айтқанда, ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы төрт қалада – Атырау, Балқаш, Теміртау және Талдықорған қалаларында күтіледі. 

Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы