Бүгін Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 18 қаңтар күні Қазақстанның бір ғана қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

18 қаңтар күні Шымкентте жайсыз метеожағдай қалыптасады немесе ауа ластанады, - делінген хабарламада.

Қазақстанның өзге қалаларындағы метеожағдай қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы