Бүгін Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 мамыр күні тек Шымкент қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстанның өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы