Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 наурыз күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазгидрометтің мәліметінше, 14 наурыз - сенбі күні ауа сапасының нашарлауы Қарағанды, Алматы және Шымкент қалаларында күтіледі. Еліміздің өзге шаһарларында жағымды метеожағдай болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы