Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарихтағы бұл қаралы күн Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтеді.

1931-1932 жылдардағы ашаршылықтан кейінгі қуғын-сүргін қасіреті қазақ халқына үлкен қайғы әкелді. Бұл кезең біздің халқымыздың ұлттық болмысын түп-тамырымен өзгертіп кеткен оқиға деп айтуға болады. Сол кездегі атақты ғалымдар мен қазақтың зиялы азаматтарының барлығы қудалауға ұшырады.

1997 жылдан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаев 131 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекіткені белгілі.

1936-1938 жж. Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы ату жазасына кесілген.

Бұл күн жай ғана аталып өтетін атаулы күн емес, халықтың есінде өшпестей орнаған тарихи күн болып қалатыны сөзсіз.

КСРО республикаларында репрессия 1928 жылдан басталды. Қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларға "ұлтшыл" деген айып тағылды. Салдарынан Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Абдулла Розыбақиев, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ілияс Жансүгіров және тағы басқа зиялылар ату жазасына кесілді.

Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, дәрігерлер болды.

Репрессия жылдары Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей, 507 мың Солтүстік Кавказ елдерінің өкілдері жер аударылды. Сондай-ақ қазақ жеріне күшпен қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен өзге де ұлт өкілдері көшірілді. Жалпы елімізге 1 миллион 500 мың адам жер аударылды.

Халықтық ішкі істер комиссариатының (ХІІК) ерекше жарлығымен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелері де жауапқа тартылды.  Ешқандай айыбы жоқ әйелдері мен кейде апалары, тіпті аналары да жазаланды.

Олар үшін арнайы лагерьлер құрылды, мысалы "АЛЖИР" - отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған ақмолалық лагерді барлығымыз білеміз.

Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссириатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері)  лагері де болды. Ол  КСРО ХІІК ГУЛАГ-на тікелей бағынатын 1930-1959 жылдардағы ең ірі еңбекпен түзеу мекемесі еді.

Карлаг жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде құрылды. Жалпы, Қазақстан аумағында сол кезде  кеңестік тоталитарлық жүйе адам тағдырын ойыншыққа айналдырған өзгеде лагерьлер көптеп болды. Алайда Карлаг өзінің ауқымы мен маңыздылығы жағынан ең ірісі еді.

Степлаг лагері де Қазақстандағыи аты шулылардың бірі болған.  Степлаг немесе Дала лагері  – ГУЛАГ жүйесіндегі саяси тұтқындарға арналған лагерь. Оның басқару орталығы бүгінгі Жезқазғанның Кеңгір ауылында орналасқан еді. Дереккөздің мәліметі бойынша, ол № 39  Жезқазған әскери тұтқындар лагері негізінде құрылған.

Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанған болатын. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы