Бүгін республиканың 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 20 сәуір күні республиканың бірнеше қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент және түнде Петропавл қаласында ауа сапасы ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы