Бүгін қос палата қандай мәселелерді қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 20 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралатын мәселелер белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Парламент Палаталары бірлескен отырысының күн тәртібінде мынадай мәселелелер қаралады:1. Қазақстан Респбуликасы Конституциялық Кеңесінің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жөнінде;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөнінде.
Еске сала кетсек, 17 маусым күні ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қос палатаның бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Өкімде былай делінген:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылы 20 маусымда сағат 10:00-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - деп хабарлады Нығматулин.