Бүгін кей облыста жаңбыр жауып, жел күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жаңбырмен бірге найзағай болып, жел күшейеді, дауыл, тұман, бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қахақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, тұман түседі. Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл болады. Жамбыл облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. 

Күндіз Түркістан облысының кей жерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы