Бүгін күн ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-батыстың кей жерінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), солтүстікте-бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік-батыста-шаңды дауыл. 

Таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында екпіні 25 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі, тұман, күндіз жел күшейеді, күші 15-20 м/с. Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, жел күшеюі күтіледі, күші 15-20 м/с, Маңғыстау облысында-шаңды дауыл.

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерінде жел күшейеді, күші 18 м/с. 

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында және Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы