Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп болжайды синоптиктер.

"Қазгидромет" таратқан мәлімет бойынша, ауа сапасының ластануы Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Балқаш қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы